Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Аурудың клиникалық белгілері:дене қызуының көтерілуі, тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы,мұрынның бітелуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары өкпе мен бүйрек жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдыналушаралары:
Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылады;
Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы - осы ауруға қарсы екпе алу болып табылады. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2021 жылдың наурыз айынан бері коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен- 37826 адам, П-ші компонентімен – 37433 адам қамтылды. Егу шарасы одан әрі жалғасуда. Аудан бойынша коронавирусты инфекциясына қайталап егумен 21751 адам, пфайзер вакцинасымен 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және емізулі аналар егілгені – 6579 адам.
Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Г. Әйімбетова,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы