Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті індеттен сақтану үшін екпе алу маңызды

Қауіпті індеттен сақтану үшін екпе алу маңызды

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына байланысты Арал ауданы бойынша жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында сәуір айына коронавирус инфекциясымен тіркелген жағдай жоқ. Дегенмен коронавирус жұқтыру ықтималдығы әрқашан жоғары болады. Біз коронавирустың ешқайда жоғалмағанын түсінуіміз керек, ол біздің арамызда өмір сүре береді, бірақ аурудың клиникалық белгілерін біле жүріп, алдын алу шараларын үнемі ұстануымыз тиіс. 
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы,ашып ауруы, мұрынның бітіуі, басауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады,дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдыналушаралары:
Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылады;
Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
  • Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы осы ауруға  қарсы екпе алу болып табылады. Бүгінде аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Қазіргі таңда  жоспарланған  адамдардың  95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның  І-ші компонентімен, 94,7 пайызы егу шарасының  П-ші компонентімен қамтылды, яғни ауданда ұжымдық иммунитет қалыптасты. Дегенмен де,  оқушылар арасында әлі де егу шарасын жетілдіруіміз керек. Сондай-ақ, ревакцинация екпесін алуды ыждағаттылықпен орындауымыз қажет. Мектеп оқушыларын «Комирнати» вакцинасының І-ші компонентімен 6176 бала, яғни 85,4 пайызда орындалса, ІІ компонентімен  4860 бала егіліп, яғни 62,3 пайызға қамтылып, екпе алу шарасы одан әрі жалғасуда.
  • Аудан бойынша коронавирусты инфекциясына қайталап егумен 18736 адам қамтылды. Кәсіби құрамы бойынша медицина қызметкерлері -1125, педагогтар– 3187,  учаскелік полиция қызметкерлері – 91, төтенше жағдай егілгені – 237, 60 жастан асқандар – 745, студенттер – 532, арнайы медико әлеуметтік мекемеден– 494, басқа топтар егілгені  –  11777,  жүкті және емізулі аналар егілгені – 16, әкімшілік қызметкерлері – 531, созылмалы ауру егілгені 1 адам екпе қабылдады.
         Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
15 сәуір 2022 ж. 551 0