Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына байланысты Арал ауданы бойынша жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында қазан айына коронавирус инфекциясымен тіркелген ауру жоқ. Дегенмен коронавирус жұқтыру ықтималдығы әрқашан жоғары болады. Біз коронавирустың ешқайда жоғалмағанын түсінуіміз керек, ол біздің арамызда өмір сүре береді, бірақ аурудың клиникалық белгілерін біле жүріп, алдын алу шараларын үнемі ұстануымыз тиіс. 
Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуы көтеріледі, тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, мұрынның бітелуі, басауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады. 
Алдыналушаралары:
Қазақстан Республикасында пандемия мәселесінің дұрыс шешімі ретінде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен егіледі.
Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыздың, балаларымызбен ата-анамыздың, туған-туысқандарымыздың және айналамыздағылардың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Дені сау адамдарға вакцинация мен ревакцинацияны мүмкіндігінше тезірек алу қажет.
Вакцинациядан кейін егілген адам егу пунктінде 30 минут медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұдан әрі ағзада иммунитетті қалыптастыру үшін егілген адам дұрыс тамақтану, күндік және ұйқы режимін сақтау керек.
60 жастан асқан адамдарға және медициналық қызметкерлерге Пфайзер вакцинасымен ревакцинация жүргізуге болады. Пфайзер вакцинасымен 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күн өткен соң вакцинацияланады.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында  қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне   2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде  құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Ауырып жүрген адамдарға және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию.
-Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
-Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
-Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Г. ӘЙІМБЕТОВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
12 қазан 2022 ж. 311 0