Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына байланысты Арал ауданы бойынша жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында коронавирус инфекциясымен тіркелген жағдай жоқ. Дегенмен коронавирус жұқтыру ықтималдығы әрқашан жоғары болады. Біз коронавирустың ешқайда жоғалмағанын түсінуіміз керек, ол біздің арамызда өмір сүре береді, бірақ аурудың клиникалық белгілерін біле жүріп, алдын алу шараларын үнемі ұстануымыз тиіс.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, мұрынның бітелуі, басауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары өкпе мен бүйрек жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.

Алдын алу шаралары:
1.Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылады;
2.Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
3.Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
4.Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
5.Денешынықтырумен,спортпенайналысужәнеорганизмдішынықтыру.
6.Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы осы ауруға қарсы екпе алу болып табылады. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазірге таңда жоспарланған адамдардың 95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен, 94,7 пайызы егу шарасының П-ші компонентімен қамтылды, яғни ауданда ұжымдық иммунитет қалыптасты.
Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Г. Әйімбетова,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы


22 қазан 2022 ж. 314 0