Қазақстанда әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан астамға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды.zakon.kz
Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.
"Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі".