Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Қызылордада 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Қызылордада деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасады.

Тексеру жұмыстары барысында, деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат, мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды.

kyzylorda-news.kz
25 ақпан 2023 ж. 264 0