Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

1 наурызда Қазақстан бойынша сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін дабыл жүйесі іске қосылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мамандарының айтуынша, төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

"Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстау, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді”, - делінген хабарламада.

"Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы – қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып шығу қажет.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Фото: massaget.kz
28 ақпан 2023 ж. 277 0