Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кеңістік пен жаңа мүмкіндіктер

Жаңа кеңістік пен жаңа мүмкіндіктер

«Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы – «Қазақстан халқына» қоры, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ серіктестігінде жүзеге асып жатқан ауқымды бағдарлама.
NIS педагогикалық шеберлік орталығы «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» білім беру қорының қолдауымен 17 ауыл мектептерінің зияткерлік деңгейін арттыруға бағытталған жоғарыда аталған қайырымдылық жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба педагогикалық шеберлік орталығы мектеп диагностикасын ұйымдастыруды, әдіснамалық қолдауды, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын және мектепті жобадан кейінгі сүйемелдеуді толық қамтамасыз етіп отыр.
Қаладағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі де аталған жобаға қатысушы ретінде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын пайдалануға мол мүмкіндік алып отыр. Биылғы оқу жылында мектепте оқытудағы кәсіби қиындықтарды анықтау мақсатында ПШО тренерлері сабаққа бақылау өткізіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін анықтап, әдістемелік көмек берді. Мектепті басқару, мектеп ортасы, оқыту және оқыту практикасы мәселелері бойынша кәсіби қажеттіліктерді айқындау мақсатында білім беру процесі субъектілерінің әртүрлі санаттарымен сауалнама жүргізді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының ұйымдастыруымен аталған жоба аясында өткен жылдың қараша айында республика көлемінде таңдалған мектеп мұғалімдерінің қатысуымен түрлі тақырыпта пәндік семинарлар өткізілді. Оңтүстік өңірді қамтыған семинарға қатысқан Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысының Арал қаласындағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің мұғалімдеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының тренерлері мұғалімдері дәріс беріп, әдістемелік қолдау жасады. Атап айтар болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» оқыту семинарын Ж.Абуов (лингвистикалық пәндер бағытындағы пәндер бөлімінің бастығы), "Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбындағы оқыту семинарын Қ.Байтенова, тарих пәні бойынша «Тарих сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында А.Оңғарбаева, дене шынықтыру пәні бойынша «Дене шынықтыру пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында Н.Гасанов (аға менеджер) сынды тренерлермен өткізілген сабақтарға пән мұғалімдері белсенділікпен қатысып, қызығушылық танытып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған жоба мұғалімдердің еңбек жағдайына қанағаттанушылық деңгейі мен өз біліміне деген сенімі мен дағдыларын сапалы түрде арттырды. Сандық білім беру ресурстарын қолдана отырып, білім алушылардың белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыру мақсатында мектебіміздің бастауыш сынып әдіс бірлестігінде «Бастауыш – білім бастауы» тақырыбындағы онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің екінші күнінде бастауыш сынып мұғалімдері – білім беру үрдісінде жаңа технологияны қолдану және біліктілігін жетілдіру, өзіндік жұмыстың, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдіскерлік тәжірибелерімен бөлісу үшін арнайы ашық сабақтар өткізді. Қатысушылар 3 топқа бөлініп, 12 ұстаздың сабағына қатысты. Сабақтарында интербелсенді панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізді. Онкүндік барысында «Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг жүргізу барысында бастауыш сынып мұғалімі Әбілдаева Айымкүл Lesson Study-дің нақты қадамдары туралы түсіндірме жүргізіп, өз әріптестерінің ашық сабақтар шеруінде байқаған тиімді әдіс-тәсілдердің артықшылығы мен ерекшелігін ортаға алды. Мұғалімдер жоспарлау, оқу, оқыту, бағалау топтарына бөлініп, өз тақырыптары бойынша түсініктерін ортаға салды.
Ата-аналардың білім ордасымен қарым-қатынасын нығайту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында 3 «Г» сыныбының жетекшісі Абашова Гүлшаттың ұйымдастыруымен ата-аналар мен оқушылардан құрылған топтар арасында «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімі Наукеева Айымның ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары арасында халық ауыз әдебиетінің бір түрі – ертегі туралы түсінік беру және оқушыларды өз беттерінше іздендіру мақсатында «Ертегі айта білемін» атты тақырыпта ертеңгілік өтті. А.Әбілдаева жетекшілік ететін 3 «А» сыныбында «Қонақ келсе, құт келер» тақырыбында ашық тәрбие сағаты және мектепалды даярлық топтарының арасында «Менің демалыс күндерім» атты тақырыпта бейнежазбалар шеруі өтті. «Мектеп театры» жобасы аясында балалардың қиялын, сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және танымдық белсенділіктерін арттыру, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу, өнерге қызықтыру мақсатында «Қуыршақ» театры жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Алма», «Шалқан» ертегілері бойынша қойылым қойылды.
Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасау, сабақты нақты тәжірибелермен ұштастыру арқылы алған білімін бекіту, сондай-ақ мұғалімдердің білімін ұдайы жетілдіру, жаңа оқу-әдістемелермен қарулануын қамтамасыз ету оқу ісінде аса маңызды. Оған қоса оқу үдерісін жетілдіру мақ¬са¬тында мұғалімдерге арналған коучинг сабақтары өткізіліп жатыр. Оқушылардың са¬бақ¬қа деген қызығушылығы мен бел¬сенділігін арттырудың қыр-сырын жете меңгер¬ген ұстаз¬дарымыз жыл сବйын рес¬пуб¬ликалық дең¬ге鬬дегі курстар¬да, ғылыми-праꬬ¬тикалық кон¬¬¬ференция, семинарларда¬ көптеген ашық сабақтар өт¬кізіп, озат педагогтармен тәжі¬рибе алмасып отырады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО ұйымдастыруымен өткізген «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында облыстық конференцияға бастауыш сынып мұғалімі Баймаханова Гүлсара өз жұмысын ұсынып,тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында көрсеткен ерекше жетістіктері үшін бастауыш сынып мұғалімі Кеулімжаева Раушан Алғыс хат иеленді. Арал ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2-7 сыныптар арасында өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде «Этномәдениеттану» секциясы бойынша 3 сынып оқушылары Базарбай Ақылбек және Базарбай Еркеғали (жетекшісі: Г.Абашова) І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Бастау» математикалық турнирінің аудандық кезеңінде Бақытжанова Томирис (пән мұғалімі Р.Шарападинова) І орынға ие болды. Облыстық тәжірибе алаңы “Мұғалімнің кәсіби дамуы: инновациялар арқылы білім сапасына” атты педагогикалық идеялар фестивалінде бастауыш сынып мұғалімі Ерғазиева Әсия дипломмен марапатталды.
Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін» деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің іргетасын қалап жатқан қазақ халқының мұғалімге қоятын талабы ретінде естілді.
Айнұр АЙМЫРЗАЕВА,
Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің бастауыш оқу ісінің орынбасары
07 наурыз 2023 ж. 356 0