Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Рамазанның берекесі барлық жерде сезіледі
Стамбұлдағы қасиетті айда мешіттердің мұнараларына ерекше жарықтармен безендірілген жазулар ілінеді. Османлыдан қалған мұралардың бірі – жарапазан айтатын барабаншылар. Олар таң атқанша көшелерді аралап, барабан соғып, Рамазан туралы аяттарды айтып, таң намазының алдында сәресіге оятады.
Рамазан айында ораза ұстау – қалыптасқан рәсім. Сәресіде алатаңнан басталатын ораза ақшам намазымен және зеңбіректер дыбысымен аяқталады. Кешке ауызашарда үлкен дастархандарда бас қосатын адамдар бір жұтым су мен бірнеше зәйтүн немесе құрмамен ауыз ашады.
Стамбұлдың үйлеріндегі ауызашар дастархандары Рамазан айының сән-салтанатын көрсетсе, қаланың кафелері мен мейрамханалары дәстүрлі тағамдардың бай мәзірін ұсынады. Оның ішінде буы бұрқырап, жаңа піскен Рамазан нандары қаланы керемет хош иіспен толтырады. Бұл кезеңде ең танымал тағам – түріктердің “Гүллах” деген тіскебасары. Сүт, раушан суы, анар мен ерекше қамырдан жасалатын гүллахты түріктер “баклаваның атасы” деп атайды.
Сәресі алдындағы дәстүрлі ойын-сауық
Стамбұлдың мешіттерінде ауызашарлан кейін оқылатын тарауих намазы құлшылық пен жамағаттың Жаратқанға деген сезімін күшейте түседі. Түрлі алаңдарда, әсіресе тарихи Сұлтанахмет ауданында намаздан кейін дәстүрлі Рамазан ойын-сауықтары басталып, қала мен оның тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Қала алаңдарында діни әңгімелер, поэзия кештері мен халық қойылымдары – музыка, би және әңгімелер ұйымдастырылады. Әсіресе, ауыз әдебиетінен мұраға қалған «Қарагөз бен Хадживат» кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі қуыршақ театрлары балалардың да, үлкендердің де көңілін көтереді.
Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…


ttjk.info