Қазақстанда екі кәсіби мереке пайда болды
Елімізде мерекелік күндердің қатары тағы екі мейраммен толықты. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Egemen.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер енгізілді.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», делінген хабарламада.