Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы бір жаңа мерекелі күн пайда болады

Қазақстанда тағы бір жаңа мерекелі күн пайда болады

Қазақстанда мерекелік күндердің қатары тағы бір атаулы датамен толықпақ. Әзірге жоба қоғам талқылауына шығарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде енді “"Ұлттық басылым күні" мерекесі пайда болуы мүмкін. Құжат жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

“Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Ғ. Балаеваның 13 ақпандағы № 28-999 тапсырмасына сәйкес 2 ақпанды “Ұлттық басылым күні” деп атап өту ұсынылады”, - делінген құжатта.

Сондай-ақ, жобада "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні", "Радио қызметкерлері күні" мерекелері бар екені ескеріле, Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау көзделгені жазылған. Өйткені Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдерде бұл дәстүрге айналған. Осылайша даталы күнді бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан тарихи күнімен байланыстыру көзделіп отыр.

Жоба қоғамдық талқылауда сәуірдің 3-не дейін болады.
15 наурыз 2023 ж. 332 0