Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банкроттық: үміт пе, үкім бе?

Банкроттық: үміт пе, үкім бе?

3 наурыздан бері жеке тұлға банкрот¬тығы бойынша өтінім қабыл¬дау жүргізілуде. Елімізде банк, мик¬рқаржы ұйымдары алдында берешегі бар азамат саны 8 миллион¬нан асады екен. Қаржы министрлігі банкроттық рәсімін ел бойынша 1,1 млн адам пайдалануы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Осы тұрғыдаҚаржы вице-министрі Ержан Біржанов: «Борышкерлердің бестен бірі Ал¬маты қаласында шоғырланған. Бан¬к¬роттықтың несие қарызын кешіру ак¬циясы емес екенін түсіну маңызды. Жеке тұлға банкрот деп танылған соң бес жыл бойы несие ала алмайды. 7 жыл бойы тізімде тұрады және 7 жылдан кейін ғана банкроттық рәсімін қа鬬та пайдалана алады. Мемлекеттік кі¬ріс¬т¬ер органдары 3 жыл бойы банкрот мәр¬¬тебесін алудың заңдылығына қатысты қаржылық мони¬тринг жүргізеді. Сондықтан да өтініш бермес бұрын азаматтар ойлануы керек. Банкроттық – бұл адамға белсенді экономикалық кезеңге өтуге көмектесетін соңғы шара» деген болатын.
Бұл жеке тұлға банкроттығы туралы заң халықтың несие жүктемесінің шамадан тыс артып кетуі себепті қабылданып отырғаны белгілі. Енді банкрот атанудың жолдарына тоқталсақ, бірінші – соттан тыс банкроттық рәсімін банк, МҚҰ және коллекторлық агенттік алдында берешегі 1600 АЕК-тен (5 520 000 теңге) аспайтын, қарызының өтелмегеніне 12 айдан асып кеткен, мүлкі жоқ, қарыздары бойынша банкпен реттеу рәсімі жүргізілген азамат¬тар қолдана алады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 12 ай ішінде төлем болмауы тура¬лы талап қолданылмайды.
Екінші –сотбанкроттығы рәсімін қарызы 1600 АЕК-тен асатын азамат қолдана алады. Бұл рәсім аясында бо¬рыш¬кердің мүлкі сатылады. Бірақ борыш¬кердің жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы болса ғана оны алып қоюға болады. Түскен қаражат белгі¬лен¬ген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдында¬ғы борыштарды өтеуге жібе¬рі¬леді. Борыштың қалған өтелмеген сомасы есептен шығарылады.Айта кетерлігі, егер борышкердің барлық әрекеті заң аясында болған жағ¬дайда, яғни ол мүлікті, ол туралы ақ¬па¬рат¬ты жасырмауы және жалған мәлі¬мет¬тер бермеуі керек.
Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқа¬рушылары жүзеге асырады. Олар – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банк¬роттық рәсімін жүзеге асыратын әкім¬шілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері және аудиторлар. Олардың қызметі ақылы, борышкердің мүлкі есебінен – айына 1 ең төменгі жалақы (2023 жылы бұл 70 мың теңге).Мүлкі жоқ әлеуметтік осал топқа жататын адамдар үшін қаржы басқару¬шы¬ларының қызметін мемлекет төлейді.
Үшінші –төлем қабілеттілігін қал¬пы¬на келтіру рәсімі: азаматта тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды 5 жылға дейін бө¬ліп-бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады. Бұл тетік қаржы басқарушысымен бірлесіп дайындалады және сотта бекітіледі. Бұл рәсімнің артықшылығы – адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сон¬дық¬тан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.
Банкроттыққа өтінімді egov.kz электронды үкімет порталы арқылы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып беруге болады. Сонымен қатар «E-salyg Azamat» қосымшасында да өтінім жолдау мүмкіндігі бар. Өтінім 14 күн ішінде қарастырылып, жауабы беріледі.Заң бойынша өтінім қабылдауды аяқ¬тау¬ға байланысты нақты мерзім жоқ. Сондықтан кез келген уақытта бере беруге болады. Ескерте кетерлігі, өтінімді қарыз төлеушінің өзі ғана жолдай алады, сондай-ақ eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ыңғайлы болады.
К. МАХСҰТ
19 наурыз 2023 ж. 308 0