Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыртпалықсыз өмір сүремін, жүре аламын»: қазақстандық дәрігерлер ауыл тұрғынына ауыр жарақаттан сауықтыруға көмектесті

«Ауыртпалықсыз өмір сүремін, жүре аламын»: қазақстандық дәрігерлер ауыл тұрғынына ауыр жарақаттан сауықтыруға көмектесті

Ауыл тұрғындары медициналық көмекті тек аудандық ауруханаларда ғана емес, ірі республикалық медициналық орталықтарда да ала алады. Соның бір дәлелі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Гүлбану Манасованың Алматы қаласында тізе буынын эндопротездеу отасынан сәтті өткені. Қазір ол Жалағаш ауруханасында оңалтудан өтіп жатыр және дәрігерлерге өз бетінше жүруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
Гүлбану Манасова бірнеше рет жарақат алған. 2005 жылы күйеуімен бірге ескі үйді бұзып жатқанда, әйел үйінді астында қалып қойған. Сол кезде оң аяғының жамбас сүйегінен ауыр жарақат алған. Дәрігерлер сүйектерді жинап алды, – деп еске алады Гүлбану көзіне жас алып. 15 жылдан кейін тағы бір жарақат. Туыстарымен бірге апатқа ұшырады. Әйел оң аяғының тізесін сындырды.
Ота мен емнен кейін ауырсыну басылмады. Жалағаш дәрігерлері науқасты Алматыға тізе буынын эндопротездеуге жіберді.
«Мен үшінші топтағы мүгедекпін, жеңілдік санатына кіремін. МӘМС жүйесінің арқасында «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы 2020 жылы Алматыға жіберілдім, дәрігерлер отаны сәтті жасады. Енді өз бетімше жүру, ауыртпалықсыз өмір сүру маған маңызды. Дәрігерлерге және барлық медициналық қызметкерлерге мың алғыс», - дейді Гүлбану Манасова.
Қазір әйел жыл сайын аудандық ауруханада оңалтудан өтеді, бұл оған жарақаттардың салдарын азайтуға және аурулардың дамуын бәсеңдетуге көмектеседі.
«Отадан кейін науқас көбінесе жатып, көп қозғалмады. Енді қалпына келтіру емінен кейін таяққа сүйеніп, өз бетінше жүріп жүр», - деп атап өтті дәрігер-реабилитолог, Жалағаш аудандық ауруханасының оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Әсем Шамитаева.
Айтпақшы, ауруханада пациенттерге парафин, лимфодренаждық массаж, емдік дене шынықтыру қол жетімді және «Артромот» аппаратымен пассивті механотерапия қолданылады.
Оңалту жарақаттардың салдарын азайтуға, аурулардың дамуын бәсеңдетуге көмектеседі. Қалпына келтіру шараларын ақысыз негізде өтуге болады: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде– аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/).
Айта кетейік, 2022 жылы Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 300-ге жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілген. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шамамен 87 миллион теңге бағыттады.
Жалпы, өткен жылы өңірде оңалту көмегіне 2 736,8 млн. теңге бағытталды. ТМККК шеңберінде және МӘМС аясынан оңалту қызметтерін көрсетуге облыстың 32 медициналық ұйымы тартылды, оның 14 - і жеке, 18-і мемлекеттік.
Ағымдағы жылы оңалту қызметтерінің қаражаты 3 258,5 млн. теңгеге дейін өсті. Бұл дегеніміз, пациенттердің көпшілігі қалпына келтіру емінен өтуі мүмкін. Медициналық ұйымдардың саны да өсті. 2023 жылы Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық оңалту қызметтерін 41 медициналық ұйым көрсетеді, оның 23-і - жеке, 18-і - мемлекеттік.
29 наурыз 2023 ж. 285 0