Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуге тиімді құрал

Медиация – қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуге тиімді құрал

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.
Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. жекеше айыптау тәртібімен азамат У-ды ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін, яғни өзінің абыройы мен қадір-қасиетін телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, әдепсіз түрде кемсітіп қорлағаны үшін оны қылмыстық жауапқа тартуды және 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы сотқа шағым берген.
Сот отырысында жекеше айыптаушы сотталушының өзінен кешірім сұрағанын, онымен медиация тәртібімен татуласып, ымыраға келгенін көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.
Осының негізінде сотталушы У-ға қатысты жекеше айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс, тараптардың медиация тәртібімен бітімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
18 қаңтар 2019 ж. 858 0