Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызашар берудің сауабы қандай?

Ауызашар берудің сауабы қандай?

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың бірі.

Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамба- рымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Ауыз аштырудың төрт түрлі сауабы барын айтуға болады. Олар:

1)Ораза ұстаушының сауабы беріледі.

2) Күнәлары кешіріледі.

3)Рамазан айы бойына періштелер ауыз аштырған кісіге Алладан жарылқау тілеп тұрады.

4)Тозақ отынан азат болады.

egemen.kz
10 сәуір 2023 ж. 527 0