Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік төлемдер жөніндегі заңнамалар түсіндірілді

Әлеуметтік төлемдер жөніндегі заңнамалар түсіндірілді

Кеше облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің, «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері жұмыс сапарымен ауданда болды.
Аталған сала мамандары аудандағы жауапты бөлім басшыларымен бірге Арал қаласындағы №262-мектеп-гимназиясының ғимаратында өңірдегі мүгедектігі бар адамдармен кездесті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов ашып, кездесудің негізгі мақсатына тоқталып өтті. Мұнан соң Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылар, медициналық, әлеуметтік төлемдер жөніндегі қолданыстағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында сала мамандары азаматтарды денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегі сынды жеке мәселелерімен қабылдап, қажетті кеңестер берді.
"Толқын" ақпарат
12 сәуір 2023 ж. 338 0