Қызылордада ауа райы бұзылады
Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон ел ауа райын ықпал ететін болады – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.
kyzylorda-news.kz