Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жаңа мереке күнтізбеге енгізілуі мүмкін

Елімізде жаңа мереке күнтізбеге енгізілуі мүмкін

Тәжік-ауған шекарасындағы бітімгершілік операциясының қатысушылары күнтізбеге жаңа мереке енгізбек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол «Әскери іс-қимылдар ардагерлерінің күні» деп аталуы мүмкін. Яғни, Ауғанстан соғысы, Қарабақ қақтығысы сынды ұрыстарға қатысқан жауынгерлердің басын біріктіреді.

Ертең Тәжікстанға әскер жіберу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы шыққанына 30 жыл толады. Ең алдымен 500 адамнан жасақталған атқыштар батальоны аттанған еді.

Операция сегіз жылға созылып, 2001 жылдың 8 ақпанында аяқталды. Осы уақытта тоғыз мыңға жуық сарбаз борышын өтеді. 35 отандасымыз қаза тапты.

Ал 1995 жылдың 7 сәуірі ел тарихына қаралы күн ретінде жазылды. Пшихавр шатқалындағы содырлар шабуылынан 17 жауынгер көз жұмып, 33-і жарақат алды.

Ардагерлер ұйымы датаны анықтаған соң Үкіметке хат жолдамақ. Әзірге, мамыр айының бір күнін белгілеу туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ, жеңілдіктер тізімін кеңейту жолдарын қарастыруда.

Қалай болсын, қалай айтсақ та, ол аты соғыс. 2020 жылы 6 мамыр күні біздің Президенттің Жарлығымен ардагерлер жөнінде заң қабылданды. Жеңілдәктер болғанда, аздап ай сайын пособие төлейді. Жылына бір рет мәслихаттың шешімімен премия береді. Салық жеңілдігі бар, -дейді «Застава тарландары» РҚБ төрағасы Тұрсын Уажанов.

Патриоттық тұрғыда тәрбиеден өткізу өте өзекті болып тұр. Көтеріліп отырған мәселенің өзі, міне, осы тұрғыдан өте өзекті деп айтамын. Сондықтан, бұл мәселені біз қолдайтын боламыз, -дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
14 сәуір 2023 ж. 267 0