Қызылордада «Сыр дарыны» академиясының оқу-жаттығу жиындары өтуде

«Сыр дарыны» білімділер академиясының жаңа маусымы 2022 жылы қазан айынан бастау алды. Онда «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іріктеу олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен 7-10 сынып оқушылары арасында 960 оқушы жыл бойы үзбей дайындық сабақтарына қатысатын болады.
Оқу-жаттығу жиындары Арал ауданындағы «Қамбаш» және Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтарының базасында өткізілуде. Бүгінде орталықтарда кестеге сәйкес жолдаманы жеңіп алған 7-сыныптың 240 оқушысы олимпиадаға дайындалуда. Мұнан соң 25 сәуірден бастап 9 сыныптар арасында іріктеуден өткен үздік 240 оқушы білім бәсекелеріне дайындықтарын шыңдайтын болады.
10 күнге созылатын оқытуда оқушылар қалаған таңдау пәндері бойынша шебер, педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдерден білім алуда. Оқытушылар қазіргі заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар мен интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген кабинеттерде тереңдетілген білім беру стандартымен сабақ жүргізуде.
«Талдысу» және «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтарында сабақтан тыс оқушылар үшін күнделікті қызықты іс-шаралар да ұйымдастырылады. Лагерь әдіскерлері психологиялық тренингтер, танымдық ойындар мен спорттық шаралар өткізіп, оқушылардың бос уақыттарын көңілді өткізуде.
Айта кетейік, білімділер академиясының оқу-жаттығу жиындары 12 аусыммен 6 ай бойы жалғасатын болады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
syrboyi.kz