Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігін сақтау – өмір кепілі

Өрт қауіпсіздігін сақтау – өмір кепілі

Өрт – тілсіз жау екендігі баршамызға белгілі. Ауданымызда орын алып жатқан өрттердің 83%-ы азаматтық қорғау саласының қызметкерлерінің бақылауында болмайтын нысандарда, яғни жеке тұрғын үйлер мен жеке меншік басқа да нысандардың үлесінде. Өрттердің шығу себебін саралайтын болсақ, 67%-ы ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзудан шығуда. Бұл дегеніміз, өкінішке орай азаматтарымыздың өзінің және басқа да жақындарының өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершіліксіз қарайтындығын көрсетеді. Бұл әрине қорқынышты фактор. Сонымен қатар жылыту пешінің құрылысы кезіндегі өрескел қателіктер мен пайдалану ережелерінің сақталмауы, балалардың отпен ойнауы, тұрғын үйдегі электр жүйесінің ақаулары, жанғыш бұйымдарды сақтау талаптарының бұзылуы сынды факторлардың әрқайсысы тұрғын үйде өрттің шығуына тікелей әсер етеді.
Осы мысалдардың әрқайсысы өрт болған жерде материалдық шығын келтіріп қана қоймай, тіпті, адам өліміне де әкеп соқтыратындығын тәжірибе көрсетуде. Сондықтан өрт қауіпсіздігін сақтау – өмір кепілі екендігін ұмытпаған абзал.

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
10 мамыр 2023 ж. 343 0