Қызылордалық оқушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды

Байқау нәтижесі бойынша Қызылорда қаласындағы Қ.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің 3 «б» сыныбының оқушысы Әмзеева Арай Жарылқасынқызының жұмысы үздік деп танылды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Өмірзақов Ғалымжан Берлібекұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың «Грамотасын» және естелік сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде басқарма басшылығы бүлдіршіннің ата-анасына осындай дарынды қызды тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, оқуда тек озат, алар асулары биік болуын тіледі.
kyzylorda-news.kz