Балықтардың уылдырық шашуына тыныштық факторының маңызы

Уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықтары мен ұрықтарын шашып, ұрықтандыруы. Көптеген балық түрлерінің ұрықтану сыртқы ортада, ұрғашыларының денелерінен аулақ, суда, шабақтарынын өсіп-жетілуіне қолайлы, белгілі бір жерде өтеді. Балықтардын көптеген түрлері уылдырық шашу үшін өзенмен бірнеше мың шақырым жерге көтеріледі. Тұщы су балықтары уылдырығын тасқа, (митодильділер-бекрелер, бырт-балықтар), өсімдіктерге (фитофильділер – сазан, таоан) және уылдырығын судың қалың ортасына салатындары бар (пелагофильдер – дөңмайдай балық). Теңіз балықтары уылдырықтарын су түбіне немесе суға шашады. Суық су қоймаларындабалықтаркөктемде, жазда, күзде уылдырық шашады. Тропикалық суларда – жыл бойы.
Біздің елімізде іс жүзінде барлық балық мекендейтін тұщы су айдындарында, балықтар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Балықтардың уылдырықтарының саны балық түрлеріне қарай әртүрлі болады және жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, тұқы шамамен 1,5 миллион уылдырық береді, ал жайын балықтары өте аз мөлшерде уылдырық шашады – шамамен 500 уылдырық. Уылдырық шашар алдында балықтар суайдындардың ағысы төмен жағалауларына шыға бастайды. Балықтардың түрлеріне байланысты уылдырық шашатын орындары да әртүрлі болып келеді. Кейбір балықтар жыл сайын уылдырық шашқан орындарын таңдаса, кейбір балықтар судың қайраң, өте терең емес бөліктеріне қарай ығысады.
Уылдырық шашу кезінде судың температурасы маңызды рөл атқарады. Уылдырық шашу үшін су температурасы оңтайлы болуы керек, өйткені балықтың өзі де, уылдырықтарда сыртқы өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар, су температурасы мен оның гидрохимиялық құрамы балықтарға сәйкес келмесе, онда мұндай суайдындарға олар ешқашан уылдырық шашпайды. Алайда, кейбір жыртқыш балық түрлері суық суда да уылдырық шаша береді.
Облысымыздың балық шаруашылығының дамуына жанашыр болайық, балық ресурстарының уылдырық шашуына кедергі болмайық, қаскөйлікке жол бермейік.
Ұ.ҚОЖАБАЕВ,
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығының
ғылыми қызметкері