Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүйрек ауруының белгілері

Бүйрек ауруының белгілері

Бүйрек артериялық қысымды қалыпты ұстап, гормондарды өндіруге атсалысып, адам ағзасында маңызды қызмет атқарады деп хабарлады turkystan.kz.

Бүйрек сонымен қатар гормондар шығару арқылы қан қысымын реттеуде маңызды рөл атқарады. Эритропоэтин сияқты бүйрек гормондары сүйек кемігіндегі қан жасушаларының өндірісін бақылайды. Бүйрек мұнымен қоса қандағы кальций мөлшеріне және D дәрумені өндірісіне әсер етеді.

Сіз білесіз бе?

– Бүйрек тәулігіне 24 сағат бойы артық ылғал мен метаболикалық қалдықтарды кетіреді.

– Сау бүйрек қанды күніне шамамен 300 рет тазартады. Бұл – күніне орта есеппен 1500 литр қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.

Бүйрек ауруына нашар экология, лас ауа және ауызсу, тағаммен бірге түсетін улы заттар, дәріні шамадан артық қабылдау, жағымсыз әдеттер, дұрыс тамақтанбау, жиі инфекция жұқтыру және т.б. басқа дүниелер себеп болады.

Бүйрек ауруының белгілері:

– Зәр шығарудың төмендеуі;

– Аяқ-қолдың, беттің ісінуі;

– Ентігу

– Ұйқы проблемасы;

– Тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу;

– Жоғары қан қысымы;

– Жаурау және шаршау;

Бұл белгілерді неғұрлым тез білсеңіз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Маман қажетті емді тезірек табады.

Түрлі емдеу әдістерінен бөлек, өмір салтын өзгерту созылмалы бүйрек ауруларының өршуін бәсеңдетуі мүмкін. Ол үшін:

– Жоғары қан қысымын, қандағы қант деңгейін бақылаңыз;

– Дұрыс тамақтаныңыз (ақуызы аз немесе тұзы аз тағамдар);

– Салмақты азайтыңыз;

– Аэробты жаттығуларды күніне 3 рет 30 минуттан жасаңыз:

– Темекіні тастаңыз;

– Ауырсынуды басатын кейбір дәрілерді қабылдаудан аулақ болыңыз.

Кез келген үлкен өзгерісті бастамас бұрын әрқашан дәрігердің кеңесін тыңдауды ұмытпаңыз.
29 мамыр 2023 ж. 398 0