Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ата-аналар келесі жағдайларда ата-ана құқықтарынан айырылады:
Ата-анасының міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
Өз баласын перзентханадан, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алуға дәлелді себептерсіз бас тартса;
Өз ата-аналық құқықтарын пайдаланып, қасақана қиянат жасаса;
Балаға қатал қараса, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асырса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасаса;
Спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын және психотроптық заттарды ірі мөлшерде қабылдаса.