Заңға «Онлайн-оқыту» ұғымы енгізілді

Сондай-ақ, Заңға ата-аналардың міндеттері мен жауапкершілігін күшейту бойынша баптар енгізілді. Оның ішінде, баланы Отанға сүйспеншілікпен және құрметпен қарауға тәрбиелеу, азаматтардың ар-намысын қадірлеуге, мектепке дейінгі білім мен тәрбиені, қосымша білім алуды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын қызметкерлердің ар-намысын құрметтеуге үйрету қарастырылды.
«Өңірде 56 мыңға жуық әлеуметтік осал топтағы бала бар. Оның ішінде, 849-ы жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, 6593-і мүмкіндігі шектеулі бала, 30 мыңға жуығы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәуелсіз өмірге дайындау мақсатында тәлімгер тағайындау ұсынылды. Яғни тәлімгер балалардың өмірге бейімделуіне, тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың пікірін ескеру 10 жастан болса, енді 7 жасқа дейін азайту ұсынылды», – деді Облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.

Пікір 1