Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі

Жылу беру маусымында тағы да аса мән беретін жағдай, қыс қаһарына мініп, күн суытқанда үйдегі жылыту пешін барынша қыздырып жағатынымыз белгілі. Осы орайда, жылыту пешінің ақауы, яғни пеш құрылысы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы немесе пеш құрылысы көнеріп, уақытысында тазартылмауы – өрттің шығуына немесе көмірқышқыл газымен улануға негіз болады. Сондықтан, баспанамыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтайық!
Өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар бойынша 2-15-97, 2-22-69 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын орындауға, сақтауға әрбір азамат міндетті!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі