Ақбайдың қауындары сатылымға шықты

Осы ретте көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастап, сапалы жүргізілуінің арқасында Ақирек ауылдық округіне қарасты «Асхат-1» шаруа қожалығының алғашқы қауындары пісті. Ерте көктемде 5 гектар аумаққа «Подпленка» әдісімен егіс орналастырған шаруаның көңілі жай. Бүгінгі таңда өз өнімдерін сатылымға шығаруда.
Өңірімізбен бен қатар көршілес облыс тұрғындары да Ақбайдың бренді саналатын – қауынға қызығушылық танытады. Алдағы уақытта тұрғындарды бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығы мен өзге де аймақтарға жөнелтілу жоспарлануда.


"Толқын" ақпарат