Қызылордада күріш өндірушілерге айыппұл салынды

Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни ақталған күрішті көтерме сауда өткізу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері анықталған.
Осыған орай, аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды.
Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен жалпы 67 942 133 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
kyzylorda-news.kz