Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма?
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер сіз 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда біз бұл өтінішті қараймыз. Дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Ең бастысы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтініш беріп қойсаңыз болды», деді А.Жамалиев Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген.