Адамдарды WhatsApp арқылы тартқан тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Агенттіктің ақпаратынша, компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейін ақша төлеп, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы басқа қатысушыларды тарту болған.
Осы жылдың басынан бері қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.
"Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
ҚМА қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтардан тұрғылықты жері бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрады.
kyzylorda-news.kz
Фото: ernur.kz