Жемқорлықпен күрес толастамайды

Себебі қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде жойылмай келеді. Ол осы ауқымдылығымен де ерекшеленіп отыр.
Жалпы сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталғаны да сондықтан.
Иә, бүгінгі таңда әділетті, жаңа Қазақстан қалыптастыру жолындағы бастамаларда да бұл күрес бір сәт назардан тыс қалмай келеді. Арнайы агенттіктердің жұмысы жан-жақты пысықталып, барынша жедел әрі әділ түрде жұмыс жасап келеді. Ақпараттық ашықтық та осы бір қоғам кеселінің алдын алуға мүмкіндік тудырып отыр.
Сонымен қатар халықтық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрекетін де анық аңғарып келеміз. Бұл да жең ұшынан жалғасқан әрекетті ауыздықтауға деген халықтық түсінік қалыптасқанының көрінісі.
О. ШАРАПОВ,
Қосжар ауылдық клубының қызметкері