Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 13 өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің 13 өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер кей өңірлерде 24 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, найзағайды жаңбыр, батыста – қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42 °С өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады» деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
24 шілде 2023 ж. 203 0