Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды
![](/uploads/posts/2023-07/medium/1690362270_22.jpg)
Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелген. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.
«Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз әлемнің ең мықты оқу орындарының бірі Колумбия университетінде болдық. Кейін Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», – деді Copernicus Olympiad жеңімпазы Әли Насырбек.