4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында күні жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканын солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының онтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
kyzylorda-news.kz