Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 12-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.
«Оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын алып келеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі», – делінген хабарламада.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде күн ашық болады деп болжануда.
Атырау облысының оңтүстік-батысында 12-13 тамызда 42 градусқа дейін ыстық болады. Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік-шығысда ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.