Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы өседі

Биыл 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы өседі

2020 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру саласында қызмет ететін мамандардың жалақысы жыл сайын 25%-ға өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға артады,

Осылайша 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2,5 есе өседі деп жоспарланып отыр.

Жуырда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында мобильді топтар құрылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрларды даярлау 39 ЖОО мен 119 колледжде жүргізіледі. Колледждер мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын дербес жаңартады. Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.

Айта кетсек, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

egemen.kz
14 тамыз 2023 ж. 227 0