Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстан олжалы оралды

Облыстан олжалы оралды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы» деп, бүгінгі қоғамның басты міндетін айқындап берді. Елбасының бастаған даңғыл жолын жүйелі жалғастыруды көздеген ҚР Президенті білім сапасын арттырып, білікті мамандарды даярлау ісіне баса назар аударатынын байқатты. Осы мақсатта ұстаздар арасында түрлі тәжірибе алмасу және біліктілік дәрежесін сынауға арналған шаралар көптеп өткізілуде. Сондай шараның бірі Қызылорда облыстық оқу орталығының жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және ынталандыру мақсатында «Үздік мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым әдіскері – 2019» облыстық байқауы өткізілді. Осы байқауға ауданнан Мергенсай ауылдық округіндегі «Желкен» бөбекжайының әдіскері Гүлжан Әлиасқар аудандық білім бөлімінің ұсынысымен қатысқан. Әдістемелік қызмет бағыты бойынша таныстырылымы әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған ол, мектепке дейінгі ұйымның қызметін реттейтін құжаттар бойынша білімін саралаудан да сүрінбей өтті. Осылайша бала болашағын ел болашағы деп біліп, бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолындағы еңбегін жан-жақты көрсете білген Гүлжан байқаудың барлық кезеңі бойынша алдыңғы қатардан көрініп, «Шығармашыл әдіскер» номинациясын иеленді.
Бағдат Әбдіхамитқызы,
«Желкен» бөбекжайының психолог
30 қараша 2019 ж. 749 0