Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мектеп формасына арналған жәрмеңке өтуде

Қызылордада мектеп формасына арналған жәрмеңке өтуде

Қызылорда қаласында 5-30 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушылардың мектеп формасына арналған жәрмеңке өткізіліп жатыр.

Ал аудандарда аталмыш акция 16-21 тамыз аралығында жалғасады. Бұл жәрмеңкеге жергілікті «Ас-Ка» ЖШС, «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Айша-бибі» тігін цехы және тағы да басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін облыс тұрғындарына ұсынбақ ниетте. Жәрмеңкеде мектеп формалары нарық бағасын төмен әрі жоғары сапада сатылымға шығады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына да арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

kyzylorda-news.kz

Фото: kyzylorda-news.kz
16 тамыз 2023 ж. 187 0