Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие ауыртпалығы қалай шешіледі?

Несие ауыртпалығы қалай шешіледі?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие жүктемесін жеңілдетуді қарастырып отыр. Бұл туралы агенттіктің «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында атап көр­се­тілген. Құжат жобасы біраз уақыт бұрын Ашық НҚА порталында орналастырылды.


«Мемлекеттік кредиттік бю­ро» АҚ дерек­теріне сүйенсек, биыл 1 сәуір­дегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердегі, микроқаржы ұйымдарындағы және коллекторлық агент­тік­тердегі баланстағы және ба­ланс­тан тыс кепілсіз тұты­ну­­шылық кредиттер мен микро­кре­дит­те­рінің көлемі 2023 жылғы I тоқсанда 8 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін (+0,3 трлн теңге), 3,2%-ға ұлғайған. Қарыз алушы саны – 9,3 млн адам (+0,2 млн адам, 2,4 пайызға ұлғайған).

Агенттіктің хабарлауынша, ведомство кейінгі жылдары борыш жүктемесін азайту және тұты­нушылық кредит беру тәуе­кел­дерін барынша азайту үшін іс-шаралар кешенін іске асырды. Оның ішінде:

2020 жылғы 1 қаңтардан бас­­­тап төлем мерзімі 90 күн өткен­нен кейін жеке тұлғалардың бар­лық кепілсіз тұтынушылық кре­диттері мен микрокредиттері бойынша айыпақыны және ко­мис­сияларды есептеуге заң­на­малық тыйым салынды;
Проблемалық тұтынушылық кредиттердің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін пруденциялық реттеу шаралары күшейтілді;
Қарыз алушылардың борыш жүктемесінің өсуін шектеу мақсатында тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақы мөл­шер­лемелерін реттеу жөнінде іс-ша­ралар қабылданды;
Қиын жағдайға тап болған проблемалық қарыз алушы­лар­ға қолдау көрсету үшін олар­­дың төлем қабілеттілігін қал­пына кел­тіру және кредиторлар алдында қабылданған мін­­дет­темелерді уақтылы орын­дауды жалғастыру мақса­тын­­да 2021 жылғы қазан айынан бастап екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының мерзімі өткен қа­рызды қайта құрылымдауға қарыз алушылардың өтініштерін қарауының міндетті рәсімін көз­дей­тін проблемалық бере­шек­ті сотқа дейінгі реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді;
Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан проблемалық кредиттер мен жеке тұлғалардың микрокредиттерін азайту жөніндегі жеке жоспарлар талап етілді.
Агенттік сонымен қатар тұ­тыну­шылық кепілсіз микро­кре­диттердің шамадан тыс өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұ­ты­нушылардың құқықтарын қор­ғау үшін мыналарды көз­дейтін түзетулерді қабыл­дауды ұсынады:

1) Екінші деңгейдегі банк­тер­дің және микроқаржы ұйым­дарының 90 күннен аса төлем мерзімін кешіктірген жеке тұлға­лар­ға кредиттер мен микрокредиттер беруіне тыйым салу;

2) Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары мер­зімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кре­диттерін коллекторларға сату­ға тыйым салуды енгізу;

3) Коллекторлық агенттік­тер­дің өздері сатып алған жеке тұлғалардың кредиттері бо­йынша проблемалық берешекті рет­теу рәсімдерін жүзеге асыру мін­детін белгілеу;

4) Қарыз алушылармен және олардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде олар қолдана алмайтын жосықсыз әрекеттерді бекіту арқылы коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте қарыз алушының уақыт шығындарын және коллекторлық агент­тіктердің қаржылық шы­ғындарын қысқарту мақса­тында қарыз алушымен немесе оның өкілімен байланыс кезінде кол­­лекторлық қызметкерлер ұсы­­натын ақпарат тізбесі оңтай­лан­дырылды.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржыландыру на­рығының барлық субъектісі қаржы ұйымдарына жатқы­зылды. Қа­зіргі уақытта микро­қаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым­дардың қызметін реттеу және бақылау «Қаржы нары­ғы мен қаржы ұйымдарын мем­лекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» заңға сәй­кес жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер нысанында жүргізіледі. «Микроқаржылық қызмет тура­лы» заңның ережелерінде ұйым­дардың қаржылық орнық­ты­лығын қамтамасыз ету және қар­жылық қызметтерді тұтыну­шылардың мүдделерін қорғау үшін белгіленетін пруден­ция­лық нормативтердің толық тіз­бесі айқындалған. Ұйым­дар­дың қызметін бақы­лау­ды кү­шейту және жедел ықпал ету мақсатында микроқаржы ұйым­­дарының қызметін қашық­тан қа­дағалау нысанын жүргізу және микроқаржы нары­ғының субъектілеріне қатысты қосымша пруденциялық нормативтерді бел­гілеу жөніндегі уәкілетті ор­ган­ның құзыретін басқа қар­­жы ұйымдарын реттеуге ұқсас то­лық­тыру ұсынылады», де­лін­ген агенттік ұсынысында.

egemen.kz
21 тамыз 2023 ж. 167 0