Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нанғаның мен сенгенің ақиқатқа жақын ба?

Нанғаның мен сенгенің ақиқатқа жақын ба?

Наным-сенім дегеніміз аты айтып тұрғандай бір нәрсеге илану. Әуелі Алланың бар екеніне (бір екеніне) иланудан бастап, көрінбейтін үш өмірдіңшарттарына сену. Мәселен, Шайтанның азғыруына, жынның залалына, періштелерге және ілім күшіне т.б.
Әдеп-ғұрып негізінен ұлттық болмыстың айналасында табиғи және діни талаптар негізінде қалыптасқан ұстанымдар. Кейбір әдеп-ғұрыптардың шығу нұсқасы ұмытылған соң, ырымға, тыйымға өтіп кетіп отырады дейді ғалымдар.
Мәселен, босағаға тұз ілу. Бұл үйді жаман нәрседен қорғайды деген ырыммен ілінеді. Негізінде ол біздің ата-бабамыздың жоғарғы мәдениетінің бір көрінісі еді. Кейін оның негізін ұмытқан соң ырымға айналып кетті.
«Ағраф сүресінің 199 аятында «Уә мур би ғұрф» деп келеді. Яғни, «Адамдарды ғұрыпқа бұйыр» деп отыр. «Ал, Құрандағы ғұрып деген не?» дегенге ғалымдар: «бір амалды, әрекетті, дағдыны ғұламалардың дұрысқашығару ортақ келісімі, ұйғарымы» дейді.
Қандайда бір түсініксіз ырым, салт пен дәстүрдің түбі өзге нәрсені меңзеп тұруы мүмкін. Себебі, өзінің түбірін жоғалтқан соң, ол тыйымға, тыйымнанырымға көшіп кетіп отырған. Мәселен, жағыңды таянба, ішегіңді тартпа, табаныңды керме, киімді желбегей жамылма, аяғыңды жоғарыға көтерме деген тыйымдардың артында әдеп-ғұрып та, діни шарттар мен табиғи қағидаттар да жатыр. Сонымен қатар өңін өзгерткен әдеп-ғұрыптар, діни шарттар ырым мен тыйымға өткен кезде міндетті түрде соған қатыстыбір аңыздар, ертегілер тіпті жалған хиссалар дүниеге келеді. Ол ел ішіне кеңінен тарағаннан кейін наным-сенімге орнығады. Сондықтан әрбірінің түбірін біліп жүргеніміз абзал.
Біз бұл болжамдарымызбен ырымға сенбеңдер, тыйым түбі өзге бір әрекеттен туындаған, өзегі ауысқан, бүгінгісі адасушылық, сол үшін одантыйылыңдар, салт-пен дәстүрдің барлығы Аллаға серік қосу деуден аулақпыз. Тіпті, жақсылыққа үміт еткен әрекеттердің барлығы дұрыс. Наным-сенімсіз дін де діңгекті болмайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзі жақсылыққа ырымдап, адамдардың аттарын өзгерткен, жолайырыққа келген кезде атауы жақсы жолды таңдаған. Яғни, жақсылыққа ниет ету қате іс емес екендігін көрсетіп кеткен. Бірақ, біздегі ырымдардың дені әу баста жақсылыққа ниет еткенімен келе-келе өңін өзгертіп, бір нәрсеге сенуге,тіпті осы нәрседен жәрдем сұрауға дейін адастырып отыр. Біз осы екеуінің ара жігін ажыратып алуымыз керек.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жаман болады деген сенім бір мұсылманның жолына тосқауыл болмасын. Егер араларыңнан бірің жанына жақпаған нәрсекөрсе, «Уа, Алла тағалам! Жақсылық бір Өзіңнен. Жамандықтырды да Сен ғана қайтарасың. Күш-қуат иесі жалғыз Өзің ғанасың!» деп дұға оқысын» деген.
Ырымдарды жасағанда да «осы әрекетті жасасақ бақ қонады не қырсық шалады» деген ойдан аулақ болғанымыз дұрысырақ. Егер бізге Пайғамбар с.ғ.с (ол кісіге Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оң қолымен ішіп-жеген десе, бұған тылсым ретінде қарамай, біздің Сүйіктіміз қалай істеген болса дәл солай ішіп-жеп жатырмыз деп айтуға тиіспіз.
Жасап жүрген амал-әрекеттеріміз дінімізден алыстатар тылсым күштердіңықпалы емес, керісінше, асыл дінімізді ұлықтаған, табиғатты аялаған ғұрыптар. Сол ырымды не тыйымды жасап жатқанда Пайғамбарымыз с.ғ.с осылай еткен соң біз де солай етеміз, дініміздің ұстанымымен жүреміз немесе табиғатты аялау, қорғау үшін бұдан тыйыламыз деген негізін білсек нұр үстіне нұр болар еді. Мұнымен қоса, бұл ырым біздің жоғары деңгейдегіәдебіміз, білімділігіміз деп орындасақ та сауаттылық көрсетер едік.
Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің
тапсырысы бойынша әзірленді
30 тамыз 2023 ж. 145 0