«Қазақстан халқына» қоры 818 түлекке грант берді

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мынадай критерийлері бойынша берілді:
ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;
мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.