Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі

Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде берешекті өндіру туралы төрт талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Татуластыру шараларының нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласумен 71 талап қою аяқталған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2023 ж. 186 0