Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Диетолог қан қысымын төмендететін көкөністі атады

Диетолог қан қысымын төмендететін көкөністі атады

Дәрігер Майкл Мосли қан қысымы көтерілген кезде бірден дәріханаға бармай, алдымен көкөніс дүкеніне баруға кеңес береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Көкөністер мен жемістерді мүмкіндігінше жиі жеу керек, ал дәрігерлер бұл туралы үнемі айтып отырады. Ең дұрысы адам күніне бес рет тұтынуы қажет. Мысалы, бұл алма, қияр, қызанақ, банан және қара өрік болуы мүмкін. Мұның бәрі қай маусым екеніне және адамның талғамына байланысты. Кез келген көкөніс терінің, асқазан-ішек жолдарының жағдайын жақсартуға, адамға өзін сергек сезінуге көмектеседі.

Дәрігер көкөністер ішінен қызылшаның ерекше пайдасын айтты. Оның сөзінше, қызылша қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Бұл көкөністің құрамында қан тамырларының кеңеюіне ықпал ететін заттар бар.

    "Нитраттарды ауыздағы бактериялар азот оксидіне айналдырады. Бұл қан тамырларының кеңеюіне әкеледі. Яғни, қызылша жоғары қысымнан құтқарады. Мұны көптеген зерттеу де дәлелдеді. Бұл көкөністен алынған шырын да өте пайдалы", - дейді Майкл Мосли.

Бұл орайды қызылшаны түрлі әдіспен дайындауға болады. Яғни оны қайнатуға, бұқтыруға, маринадтауға және кептіруге болады.

sputnik.kz


23 қыркүйек 2023 ж. 334 0