Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі жаңа мереке аталып өтеді

Қазақстанда екі жаңа мереке аталып өтеді

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады, Еңбек министрлігі тізімге тиісті толықтырулар жобасын әзірледі.
Атап айтқанда, Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпанда және Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 2023 жылдың 2 қарашасына дейін талқыланады.
Бүгінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ, сол себепті өздерін біртұтас авиация саласының өкілі ретінде сезіне алмайды, - делінген түсініктемеде.
Бұрғылаушы күні геологтардың, мұнайшылардың, бұрғылаушылардың еңбегіне құрмет көрсетуге, жұмысшыларға құрмет көрсетудің жаңа дәстүрін енгізуге мүмкіндік береді.

sputnik.kz
19 қазан 2023 ж. 265 0