Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Өрттердің жиі шығу себептері пештің қатты қызуынан, қаланған пештердің жарықтардың пайда болуынан, от тұтандыру үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтарды пайдалану нәтижесінен, пеш аузынан шоқтардың түсіп қалуынан орын алады. Пешке жақын және тікелей оның үстінде, тұтанғыш мүліктер мен материалдарды сақтауға, киім кептіруге болмайды. Бөлме пештерінің түтін жолдарына жиналатын күйлерді, үш ай сайын тазалап тұрған жөн. Ертеректе салынған қала және аудан үйлерінің, электр желісі сымдарының қалыпты жағдайда емес екендігі ешкімге құпия емес. Адамдардың басқа баспанасы болмауынан, арнай білім тәжірибесі болмаған соң, көпшілік жағдайда, электр сымдарын өз күштерімен жөндеп осындай үйлерде ары қарай тұруға мәжбүр.
Қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын ескере отырып Сіз өз мүлкіңізді, баспанаңызды, мүмкін өміріңізді сақтап қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан сіздің өміріңіз – Сіздің қолыңызда деп айтқымыз келеді.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі