Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нашақорлық – жастар дерті

Нашақорлық – жастар дерті

Нашақорлық – бұл адам баласының денсаулығына, елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлық – жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Зеріккен немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адам тарапынан махаббат пен жылулық болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін.
Кейбір жастар есірткі көмегімен отбасындағы мәселелерден және жағымсыз эмоциялардан, естеліктерден арылғысы келеді. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұл заттан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Есірткіге әуестік көп жағдайда білместіктен де басталады. Әсіресе жасөспірімдер қоршаған ортаның кері әсеріне шалынғыш келеді. Топтық психология, еліктеушілік, бірге жүрген топ ішінде біреуі есірткі дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтық барлық мүшелері есірткіге әуестенуге әкеліп соқтырады. Бір ерекшелігі нашақор басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Нашақорлық ұлт таңдамайды.
Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Сонымен қатар есірткінің кесірінен адам ғана емес, адам ағзасы да үлкен қасіретке толады. Жүйке жүйесі, жүрек, бауыр сонымен ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады. Есірткіге ақша табу үшін олар кез келген әрекетке дайын тұрады. Тіпті, кісі өлтіруі де мүмкін. Зерттеу бойынша, нашақорлардың  жартысынан көбі – қылмыскерлер.              
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», - деп халық даналығы бекер айтылмаған. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсап бағайық. Ең бастысы, аманатқа берілген денсаулықты сақтап, бойымызды, өзімізді қолдан келгенше зиян, лас, жаман дүниелерден аулақ ұстайық. Өз өмірімізге балта шаппай, өмір мәнін түсініп, білімді, сабырлы, ел ертеңі болып өсейік!
Гүлнұр Тілеумұратова,
11 сынып оқушысы
10 қараша 2023 ж. 384 0