Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің алаңында өңірдің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шараларын заңнамалық күшейту туралы түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу мен құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.
Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков жаңа институт қылмыстық процесте және еңбек саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды қорғауға, оның ішінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жолымен қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Осы бағыттағы жұмыс барысы туралы Департаменттің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бөлім басшысы А.Абаев баяндама жасады.
«Тәжірибе көрсеткендей, уақыт талаптарына сәйкес іске асырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады, - деді А.Абаев өз баяндамасында.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамды қорғау шаралары күшейтілді. Енді бұл тұлғалар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды және қызметтен босатылмайды.
10 қараша 2023 ж. 267 0