Қызылорда облысының 168 мыңнан астам тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген

Спикердің айтуынша, 2024 жылға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге алдын ала өтінім 8,5 млрд теңгеден астам соманы құрады.
2023 жылғы 31 қазанда тиісті бұйрықпен «ҚР белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, «Аритмия» нозологиясы ТМККК-дан МӘМС-ке ауыстырылды. МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сақтандыру мәртебесі болған кезде жүзеге асырылады.
Қалған өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, олармен сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033599
Емханалардың дәріханаларында амбулаториялық науқастарды қамтамасыз ету үшін ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі бұйрыққа сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885) барлық қажетті дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, антипиретиктер, құрамында темірі бар препараттар, сондай-ақ т.б.) бар екені атап өтілді.
Қажет болған жағдайда пациенттер қалалық және ұялы телефондар үшін қолжетімді 1439 қысқа нөмірі арқылы «СК-Фармация» байланыс орталығына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабарласа алады. Барлық қоңыраулар тегін.
Сурет: egemen.kz