Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация мәмілеге келтірді

Медиация мәмілеге келтірді

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде несие қарыздарын өндіру туралы алты талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы медиативтік келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Осылайша, заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норма тиімді іске асуда. Жыл басынан бері аудандық сотта сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласумен 101 талап қою аяқталған.

Арал аудандық соты
28 желтоқсан 2023 ж. 278 0