Қызылша: Қызылордадағы ахуал қандай?
Қызылорда облысында 4 қаңтардағы жағдай бойынша жыл басынан бері қызылша ауруына күдікті 80 науқас тіркелді. Қазіргі таңда зертханалық талдау жүргізілуде. Басым көпшілігі балалар арасында анықталуда.
Аймақта 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Вакцинацияны 6 айдан бастап 11 айға дейінгі балалар, 2, 3, 4 жастағы балалар алады. Сондай-ақ вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар үшін толықтыра вакцинациялау жүргізіледі. Бүгінде 53945 адам қызылшаға қарсы екпе алды, - делінген Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Қызылшаны емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жоқ, сондықтан екпе ғана сізді және балаңызды осы инфекциядан қорғай алатынын еске саламыз.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz